22.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

World Boxing: Елдос Сайдалин Азия чемпионатында кімдерге сенім артты?

World Boxing: Елдос Сайдалин Азия чемпионатында кімдерге сенім артты?

Таиланд астанасы Бангкок қаласында бокстан World Boxing ұйымының Азия чемпионатына қатысатын 22 жасқа дейінгі қыздар құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12kz.

Бас бапкер Елдос Сайдалин Гүлназ Бөрібаева (48 келі), Томирис Мырзақұл (51 келі), Элина Базарова (54 келі), Виктория Байдукова (57 келі), Әсем Таңатар (60 келі), Аружан Жаңабаева (65 келі), Бақыт Сейдиш (70 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі), Әсел Тоқтасын (80 келіден жоғары) сынды шәкірттеріне сенім артты.

Құрлықтық дода 30 шілде-12 тамыз аралығына белгіленген. Оған 25 елден 396 боксшы (237 ер және 159 әйел) қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың арасында Қазақстан, Ауғанстан, Филиппин, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Жапония, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Непал, Қатар, Қытай, Сингапур, Шри-Ланка, Таиланд, Түркіменстан, Өзбекстан, БАӘ, Въетнам, Бутан бар.

Еске салсақ, Қазақстанның бокс федерациясы өткен жылдың қараша айында ресми түрде World Boxing-тің толыққанды мүшесі атанды.