14.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

World Boxing: Бүгін 8 қазақстандық боксшы финалда бақ сынайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
World Boxing: Бүгін 8 қазақстандық боксшы финалда бақ сынайды

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 14 қыркүйекте соңғы финалдық жекпе-жектер өтеді. Қазақстан құрамасынан бір күнде сегіз боксшы алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Күндізгі сессия | 16:00

  • 48 кг | 16:00 – 16:20 Назым Қызайбай – Минакши (Үндістан)
  • 50 кг | 16:20 – 16:40 Санжар Тәшкенбай – Алдархишиг Баттулга (Моңғолия)
  • 55 кг | 17:00 – 17:20 Махмұд Сабырхан – Лозанна Серрано (Испания)

Кешкі сессия | 22:00

  • 51 кг | 22:00 – 22:20 Алуа Балқыбекова – Буси Наз Чакыроглу (Түркия)
  • 65 кг | 22:40 – 23:00 Аида Әбікеева – Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
  • 70 кг | 23:00 – 23:20 Төрехан Сабырхан – Севон Оказава (Жапония)
  • 70 кг | 23:20 – 23:40 Наталья Богданова – Лекейша Перголити (Аустралия)
  • +90 кг | 23:45 – 00:15 Айбек Оралбай – Жахонгир Зокиров (Өзбекстан)

Әлем чемпионаты 4–14 қыркүйек аралығында өтіп жатыр. Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жектерді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.