10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

World Boxing: 10 қыркүйекте 13 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
World Boxing: 10 қыркүйекте 13 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін, 10 қыркүйекте Қазақстан құрамасының бірден 13 өкілі ширек финалдық жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды Sport-pulse.kz.

Күндізгі сессия 16:00-де басталады. Шаршы алаңға Виктория Графеева (60 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Елдана Талипова (+80 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг) және Сағындық Тоғамбай (90 кг) шығады.

Кешкі сессия 22:00-де жалғасады. Онда Алуа Балқыбекова (51 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Аида Әбікеева (65 кг), Гүлсая Ержан (80 кг), Бибарыс Жексен (60 кг), Ертуған Зейнулинов (65 кг) және Айбек Оралбай (+90 кг) өнер көрсетеді.

Әлем чемпионаты 4–14 қыркүйек аралығында өтуде. Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жектерді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.