20.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Украиналық сарапшы Дычко мен Елеусіновтің АҚШ-тағы жеңістерін сынға алды

Украиналық сарапшы Дычко мен Елеусіновтің АҚШ-тағы жеңістерін сынға алды

vRINGe.com хабарлауынша, Иван Дычко (15-0, 14 КО) америкалық Сэмюэл Кроссдпен (11-5-1, 7 КО) бірінші раундта жеңіске жетсе, Данияр Елеусінов (13-0, 8 КО) филиппиндік Джеймс Бэйконды (26-6, 17 КО) екінші раундта нокаутқа түсірді.

vRINGe.com бас редакторының орынбасары Святослав Осипов өткен жекпе-жектер туралы сыни пікір білдірді:

Басты мәселе — жеңістер мен өнер көрсету емес, қарсыластардың деңгейі. Кәсіби бокста талантты жұдырықшылар өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік ала бермейді.

Сарапшы сондай-ақ промоутер Турки Аль аш-Шейхтің қызметін сынға алды — оның боксты дамытуға деген көзқарасы жаңа таланттарды ашуға емес, тек қалыптасқан боксшыларды қолдауға бағытталған.

Осипов Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартты деп айыпталған Карлос Адамеспен болған жағдайды мысалға келтіріп, оның алдыңғы жекпе-жегіндегі даулы төрешілікті еске салды.