13.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Уимблдон теннис турнирінің жүлде қоры артты

Уимблдон теннис турнирінің жүлде қоры артты

Уимблдон-2025 жүлде қоры 53,5 миллион фунт стерлингті (шамамен 73 миллион доллар) құрайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекелей 2025 жылғы турнирдің жеңімпаздары өткен жылмен салыстырғанда 11,1% артық — әрқайсысы үш миллион фунт алады. Бірінші раундта жеңілгендердің төлемі 10 пайызға өсіп, 66 мың фунт стерлингке жетті.

Өткен жылмен салыстырғанда жалпы жүлде қоры 7 пайызға артты.

Уимблдон 30 маусымда басталып, 13 шілдеге дейін жалғасады.