16.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Уикомның уақытша төрағасы лайықсыз мінез-құлық үшін айыпталды

Уикомның уақытша төрағасы лайықсыз мінез-құлық үшін айыпталды

Англияның футбол қауымдастығы «Уикомб Уондерерс» клубының уақытша төрағасы Дэн Райсқа лайықсыз мінез-құлық айыбын тақты.

Қыркүйек айының соңында АФК «Уимблдонға» қарсы өткен матч кезінде Райс төрешілер бригадасының қызметкеріне қатысты лайықсыз мінез-құлық танытқан.

Дэн Райс биылғы көктемде «Эвертоннан» операциялық директор қызметіне келген. Бір айдан кейін бұрынғы иесі Роб Коухиг клубты қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзенің компаниясына сатқаннан кейін уақытша төраға қызметін атқарып келеді.

Аталған матчта «Уимблдон» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Райстың айыптауларға жауап беруіне бейсенбіге дейін уақыт берілген.