26.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Уго Экитике екі апталық жалақысынан айырылды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Уго Экитике екі апталық жалақысынан айырылды

Уго Экитике шынымен де тәртіпсіз әрекеті үшін «Ливерпуль» тарапынан қатты жазаланды. Daily Mail дерегінше, клуб басшылығы шабуылшыға клубтағы ең қатаң айыппұл – екі апталық жалақысына тең санкция салды.

Бұл жағдай Англия Кубогының 3-раундында «Саутгемптонға» қарсы өткен ойында (2:1) болды. Гол соққан соң Экитике жейдесін шешіп жіберіп қуанды. Бұған дейін сары қағаз алғандықтан, бұл қылығы екінші ескерту болып тіркеліп, футболшы қызыл қағаз алды. Нәтижесінде ол келесі Премьер-лига матчын – «Кристал Пэласқа» қарсы кездесуді өткізіп алады.

Француз форвард маусымды сәтті бастаған еді: 5 ойында 3 гол соғып үлгерді. Оның болмауы «Ливерпульдің» шабуылын әлсіретуі мүмкін, себебі басты бәсекелесі Александр Исак әлі толық дайын емес.

Бас бапкер Арне Слот бұл эпизодты «ақымақтық» және «қажетсіз қылық» деп бағалады. Клубтың ішкі тәртіптік шарасы да қатал болды: Экитике ең жоғарғы мүмкін айыппұлға кесілді.