01.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Уэльс қақпашысы Қазақстанға қарсы ойынды өткізіп алуы мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Уэльс қақпашысы Қазақстанға қарсы ойынды өткізіп алуы мүмкін

Уэльс құрамасының негізгі қақпашысы саналған Дэнни Уорд «Рексэм» клубы үшін Чемпионшиптегі матчта жарақат алып, Қазақстанға қарсы ойында алаңға шығуы күмән тудырады. Ойын кезінде 33 жастағы қақпашыға алаңның өзінде медициналық көмек көрсетіліп, кейін ол зембілмен сыртқа шығарылды. Дәрігерлер ми шайқалуын және шынтақ жарақатын анықтады.

Уорд Крейг Беллами шақырған қыркүйектегі кездесулер тізімінде бар еді: 4 қыркүйек — Астанада Қазақстанға қарсы әлем чемпионаты–2026 іріктеуі, 9 қыркүйек — Суонсиде Канадамен жолдастық матч. Қақпашы маусым басынан «Рексэм» сапындағы барлық төрт ойынды негізгі құрамда бастап, Уэльс қақпасын қорғауға басты үміткер саналатын.

Қақпашылар желісінде оған балама ретінде Карл Дарлоу («Лидс Юнайтед») мен Адам Дэвис («Шеффилд Юнайтед») шақырылған. Дегенмен екеуі де клубтарында негізгі ойыншылар қатарына кірмейді.