03.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Уэльс капитаны Бен Дэвис: «Астана Аренадағы алаңның сапасына ризамыз»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Уэльс капитаны Бен Дэвис: «Астана Аренадағы алаңның сапасына ризамыз»

Қазақстанмен 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу ойыны қарсаңында Уэльс құрамасының капитаны Бен Дэвис баспасөз мәслихатында «Астана Аренадағы» жасанды жабыны бар алаңның сапасына оң баға берді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

«Иә, бізде ешқандай сылтау жоқ. Бүгін алаңда жаттығып үлгердік, жабыны жасанды болса да — сапасы жақсы. Жаттығу сәтті өтті», — деді Дэвис.

Капитан құрамадағы күтпеген жарақаттарға да тоқталды: «Иә, ойыншылардың жарақаты — біз үшін күтпеген жағдай. Бірақ бұл басқа жігіттер үшін өздерін көрсетуге мүмкіндік. Келесі ойындарда олар мүмкіндіктерін дәлелдейді деп ойлаймын».