08.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Уэльс әйелдер құрамасының автобусы Еуро-2025 матчы алдында апатқа ұшырады

Уэльс әйелдер құрамасының автобусы Еуро-2025 матчы алдында апатқа ұшырады

Уэльс Футбол қауымдастығының хабарлауынша, кеше Виголтингенде Уэльс әйелдер құрамасының автобусы жеңіл көлікпен соқтығысты — команда Еуро-2025 шеңберінде Франциямен матч алдындағы жаттығуға бара жатқан.

Бас бапкер Риан Уилкинсон мен капитан Ангарад Джеймс автобуста болған жоқ, олар баспасөз мәслихатына бөлек барған. Команданың барлық ойыншылары мен қызметкерлері зардап шекпеді, алайда екінші көлік жүргізушісі жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

«Бәрі жақсы — біздің басты мақсатымыз команданы бір жерге жинап, оқиға орнынан алып кету. Бәрінің жағдайы жақсы екенін тексереміз», — деді Уилкинсон баспасөз мәслихатында.

Франция құрамасының бапкері Лоран Бонадеи қарсыластарына қолдау білдірді:

«Жеңіс немесе жеңіліс туралы айтпас бұрын, қолдау сөзін жеткізгім келеді — денсаулық бәрінен маңызды. Олардың жағдайы жақсы болып, ертеңгі ойынға дайын болады деп үміттенемін».

Arena St Gallen стадионындағы жаттығу тоқтатылғанына қарамастан, команда кейінірек Вайнфельдендегі өз базасында дайындық өткізді.