12.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

УЕФА Суперкубогы матчына Португалия төрешілері тағайындалды

УЕФА Суперкубогы матчына Португалия төрешілері тағайындалды

УЕФА ресми сайтының хабарлауынша, ПСЖ мен Тоттенхэм арасындағы Еуропа Суперкубогы матчына Жоау Педру Пиньейру бастаған португалиялық төрешілер бригадасы тағайындалды.

Чемпиондар Лигасының жеңімпазы мен Еуропа Лигасының трофей иегері арасындағы кездесу ертең Италияның Удине қаласындағы «Фриули» стадионында өтеді.

Төрешілер құрамына Бруну Мигел Алвеш Жезуш пен Лусиану Майя көмекшілері кірді — ВАР жүйесіне Тиагу Мартинш пен Фабиу Мелу жауап береді, оларға голландиялық Пол ван Букел қосылады. Төртінші төреші болып әзірбайжандық Эльчин Месиев тағайындалды.