28.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

УЕФА АҚШ-та Ла Лига матчын өткізу мүмкіндігін қарастыруда

УЕФА АҚШ-та Ла Лига матчын өткізу мүмкіндігін қарастыруда

As ақпараты бойынша, УЕФА Испания Корольдік футбол федерациясының «Барселона» мен «Вильярреал» арасындағы матчты Майамиде өткізу туралы өтінішін қарастыруда.

Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім — 11 қыркүйекте Тиранада өтетін атқару комитетінде қабылданып, ФИФА-ға жіберіледі. УЕФА-ның заң бөлімі қазір ұлттық біріншіліктердің матчтарын шетелде өткізудің нормативтік базасын әзірлеуде.

Еуропалық футбол ұйымы алаңдаушылық білдіруде — шетелде ойын өткізу ұлттық чемпионаттардың қағидаларын бұзуы мүмкін. Бұл бастамаға Еуропа футбол жанкүйерлері қауымдастығы мен Ла Лиганың бірқатар клубтары қарсы шықты.