26.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

WBO жаңартылған рейтингінде қазақстандық боксшылар позицияларын сақтап қалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
WBO жаңартылған  рейтингінде қазақстандық боксшылар позицияларын сақтап қалды

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингтерін жариялады. Тізімде қазақстандық боксшылар өз позицияларын сақтап, кейбірі жақсарта түсті.

  • Круизер салмақ (бірінші ауыр салмақ): Германияда өнер көрсететін қазақстандық Роман Фресс2-орында қалды.

  • Супер орта салмақ (екінші орта): Әли Ахмедов14-орында.

  • Орта салмақ: WBO чемпионы — Жәнібек Әлімханұлы. Үздік үш үміткер өзгеріссіз: 1) Дензел Бентли (Ұлыбритания), 2) Эндри Сааведра (Венесуэла), 3) Винченцо Гуальтьери (Германия).

  • Супер жартылай жеңіл салмақ (екінші жартылай жеңіл): Сұлтан Заурбек бір саты жоғары өрлеп, 15-орыннан 14-орынға көтерілді.

Жаңартылған тізімдер қазақстандық боксшылардың әлемдік аренадағы тұрақты жоғары деңгейін тағы бір мәрте айқындады.