05.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

WBO және IBF чемпионы Әлімханұлы келесі жекпе-жек мерзімін атады

WBO және IBF чемпионы Әлімханұлы келесі жекпе-жек мерзімін атады

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 2025 жылдың қараша айының басында өткізетінін жариялады.

Қазақстандық боксшы біріктіру жекпе-жегін өткізуді көздеуде — оның мақсаты Доминикан Республикасынан шыққан WBC чемпионы Карлос Адамеспен жұдырықтасу.

АҚШ-қа ұшамын. Қарашада жекпе-жекке дайын боламын! Адаместің бірнеше мүмкіндігі ғана қалды. Егер ол келіспесе, титулдарымды басқа боксшылармен қорғауға тура келеді! Сондықтан оған және оның менеджерлеріне — уақыттарыңыз таусылып келеді!

Еске сала кетейік, Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін Астанада өткізді — сәуір айында ол француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңіп, IBF және WBO титулдарын қорғап қалды.