Оқу уақыты: 1 мин

WBO президенті Жәнібек Әлімханұлына ерекше мәртебе берілмеу себебін түсіндірді

WBO президенті Жәнібек Әлімханұлына ерекше мәртебе берілмеу себебін түсіндірді

Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) президенті Густаво Оливьери орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 10 КО) ерекше мәртебе берілмеу себебін түсіндірді.

X әлеуметтік желісінде қолданушы ұйым басшысынан қазақстандық боксшыға WBO және IBF белбеулерінің иегері ретінде «суперчемпион» мәртебесін беру мүмкіндігі туралы сұраған.

«Суперчемпион мәртебесі белгілі критерийлерге сай болуды талап етеді. Біздің ережелер мен қағидалардың 14-бөлімін қараңыз», — деп жауап берді Оливьери.

WBO регламентіне сәйкес, артықшылықты мәртебе алу үшін боксшы күшті қарсыластармен кемінде он рет титулын сәтті қорғауы қажет.