15.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

WBC Санатали Төлтаевтің Эр-Риядтағы жеңіс жекпе-жегінің жарқын сәттерін көрсетті

WBC Санатали Төлтаевтің Эр-Риядтағы жеңіс жекпе-жегінің жарқын сәттерін көрсетті

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық боксшы Санатали Төлтаев пен венесуэлалық Герман Брочероның (10-1, 10 КО) жекпе-жегінің негізгі сәттерінің бейнежазбасын ұсынды.

Екі ай бұрын Эр-Риядта WBC Гран-приінің бірінші кезеңі аясында өткен жекпе-жек — алтыншы раундта қазақстандық спортшының техникалық нокаутпен сенімді жеңісімен аяқталды.

«Бокс Гран-приі: Қазақстаннан TKO. Төлтаев шеберлік көрсетіп, Брочероны нокаутқа түсірді! Маңызды жеңіс оны екінші кезеңге шығарды», — деп атап өтті WBC.

Қазақстандық боксшының әуесқой бокстағы әсерлі жетістіктері бар:

  • 2019 жылғы Азия чемпионатының қола медалі
  • 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс медалі
  • 2021 жылы Белградта және 2023 жылы Ташкентте әлем чемпионаттарына қатысуы