24.10.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

WBC чемпионы Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлымен жекпе жекке шығудан бас тартты ма?

WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адамес қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты жанкүйерлерінің ұсынысына күтпеген жауап берді. Sports.kz-тің хабарлауынша, Адаместің әлеуметтік желідегі ізбасарлары бірі оған келесі жекпе-жегін Хамза Ширазбен өткізіп, кейін IBF және WBO титулдарының иегері Жәнібек Әлімханұлымен кездесуін ұсынды. Егер Адамес екі қарсыласын да жеңсе, онда «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізуге шақыруы мүмкін.

Адамес бұл ұсынысқа «Бұл менің ісім емес» деп қысқаша жауап берді. Чемпионның бұл реакциясы бокс жанкүйерлерін таң қалдырды, өйткені көпшілігі нақты жауап күтті.

Бұған дейін шетелдік БАҚ-та Карлос Адамес пен қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановтың ықтимал жекпе-жегі туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Дегенмен, бұл қауесеттердің ресми расталуы әлі болған жоқ.