Оқу уақыты: 1 мин

WBC чемпионы Адамес Жәнібек Әлімханұлының өршіл жоспарына жауап берді

WBC чемпионы Адамес Жәнібек Әлімханұлының өршіл жоспарына жауап берді

Орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамес қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының дивизиондағы барлық чемпиондық белбеулерді біріктіру жоспары туралы пікір білдірді.

Әлімханұлының жоспары бірнеше кезеңнен тұрады:

  • Осы жазда Адамеспен жекпе-жек
  • Жыл соңында Эрисланди Ларамен WBA титулы үшін кездесу
  • 2026 жылдың мамыр айында Сауль «Канело» Альвареспен қарсыласу

«Армандау зиян емес», — деп Адамес Mo’ Boxing, No Problem Instagram парақшасындағы жазбаға қазақстандықтың мақсаттары туралы пікір қалдырды.

Айта кетейік, Карлос Адамеспен титулды жекпе-жекке тағы бір қазақстандық — WBC рейтингінде бірінші орында тұрған Мейірім Нұрсұлтанов та үміткер болып отыр.