Оқу уақыты: 1 мин

WBC чемпионы Адамес Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек туралы келіссөзді растады

WBC чемпионы Адамес Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек туралы келіссөзді растады

Орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы, доминикандық Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) қазақстандық боксшы, қазіргі WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) біріктіру жекпе-жегі туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын растады.

«Қазір Жәнібекпен біріктіру жекпе-жегін өткізу мүмкіндігі бар. Біз Top Rank-пен келіссөздер жүргізудеміз, осы жекпе-жекті ұйымдастырудың және өзімізді ең жақсы қырынан көрсетудің тиімді жолдарын іздестірудеміз. Қазір мен осыған назар аударып отырмын. Бұл — біздің мақсатымыз», — деді Адамес америкалық БАҚ-қа берген сұхбатында.

Екі ай бұрын Эр-Риядта өткен соңғы жекпе-жегінде Адамес британдық Хамза Ширазбен (21-0-1, 17 КО) тең түсті. Жәнібек Әлімханұлы бір ай бұрын Астанада француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңді.