14.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

WBC әлем чемпионы Адаместі Нұрсұлтановпен жұдырықтасуға міндеттеді

WBC әлем чемпионы Адаместі Нұрсұлтановпен жұдырықтасуға міндеттеді

vRINGe.com мәліметінше, Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) түрлі салмақ дәрежесіндегі чемпиондар мен үміткерлердің мәртебесін жаңартты.

Орта салмақта Доминикан Республикасынан шыққан чемпион Карлос Адамес титулын ресми үміткер, қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен қорғауға міндетті — кездесудің нақты күні мен орны әзірге белгіленбеген.

Биылғы қыркүйекте WBC күміс белбеуінің иегері анықталады — оған француз Билал Жкиту мен үндістандық Тедж Пратап таласады.

Айта кетерлігі, Адамес бұған дейін тек WBO және IBF титулдарының иегері Жәнібек Әлімханұлымен біріктіру жекпе-жегіне ғана қызығушылық танытқан болатын.