03.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

WBA Жәнібек Әлімханұлының тарихи жекпе-жегіне қатысты ресми мәлімдеме жасады

WBA Жәнібек Әлімханұлының тарихи жекпе-жегіне қатысты ресми мәлімдеме жасады

Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) баспасөз қызметі қазақстандық WBO және IBF әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық WBA әлем чемпионы Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жекті ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сенбіде Сан-Антониода!

Эрисланди Лара Жәнібек Әлімханұлына қарсы. Әлімханұлы мен Лараның қатысуымен WBA орта салмақтағы чемпиондық жекпе-жегі», — деп ұйымның Instagram аккаунтында жарияланды.

Әлімханұлы мен Лара арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсанда Техас штатының Сан-Антонио қаласындағы Фрост Банк орталығында өтеді.