Оқу уақыты: 1 мин

WBA «Қазақ жауынгерінің» жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

WBA «Қазақ жауынгерінің» жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA Asia) Азия бөлімшесі қазақстандық боксшы Елшат Нығметолла (21-0-2, 8 КО) мен намибиялық Филлемон Нгутенанье (12-0-2, 4 КО) арасындағы жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өткен жекпе-жегінің нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нығметолла мен Нгутенанье 3 мамырда Таиландтың Бангкок қаласында өткен бокс кешінде кездесіп, жекпе-жек тең аяқталды.

Осылайша, «қазақ жауынгері» WBA Asia чемпиондық атағын сақтап қалды.

«Екі үміткер тамаша жұмыс жасады! WBA Asia чемпионы атағы үшін жекпе-жек көпшіліктің шешімімен тең түсті. Елшат Нығметолла мен Филлемон Нгутенанье өте тартысты жекпе-жек өткізіп, жанкүйерлерге сапалы бокс көрсетті. Жекпе-жектен кейін Елшат WBA Азия чемпиондық атағын қорғап қалды. Екеуіңізге де рахмет!»,- деп жазды ұйым инстаграм парақшасында.