05.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

WBA «Қазақ жауынгерінің» шаршы алаңға шығатын уақытын белгіледі

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) өз сайтында «Қазақ жауынгері» атымен танымал қазақстандық боксшы Елшат Нығметолла (20-0-1, 7 КО) мен индонезиялық Фласидуса Нуно (10-1- 2, 8 КО) жеңіл салмақта бос тұрған WBA Asia чемпиондық атағына таласатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Бірінші бол.

Кездесу 1 ақпан күні Бангкокте (Таиланд) өтеді.

«WBA Asia жұма күні әлемдік бокста өздерін дәлелдегісі келетін топ-деңгейдегі екі боксшы арасында айқас өтетінін мәлімдеді. Бұл жеңіс оларға өздері ұмтылған деңгейге жетуге мүмкіндік береді.

Нығметолла Қытайдың тумасы, бірақ ұлты қазақ, ол өз карьерасында бір де бір рет жеңілмеген. 30 жастағы боксшы алғашқы айқастарын Қытайда өткізсе, сонан соң Қазақстанға қоныс аударып, жекпе-жектерінің басым бөлігін сонда өткізді.

Ал 28 жастағы Нуно Транслок тумасы, қатарынан бес нокаутпен жеңген және нағыз бабындағы спортшы. Ол алғаш рет Индонезиядан тыс жерде айқас өткізеді, сондықтан қиын болатынын біледі және соны еңсеруге ұмтылады», — делінген WBA мәлімдемесінде.

Жалпы, бұл күні Нығметолладан бөлек шаршы алаңға қазақстандық тағы үш былғары қолғап шебері шығады.

Олар:

  • Руслан Мәдиев (16-2, 6 КО) – жартылай орташа салмақта (66,7 келіге дейін);
  • Нұрдос Төлебай (13-0, 10 КО) – бірінші жартылай орта салмақта (63,5 келіге дейін);
  • Армат Арманұлы (1-1) – орташа салмақта (72,6 келіге дейін).