Оқу уақыты: 1 мин

Watson және Skiter командалары DreamLeague Season 26 матчында ұпай бөлісті

Watson және Skiter командалары DreamLeague Season 26 матчында ұпай бөлісті

Dota 2 бойынша DreamLeague Season 26 топтық кезеңінде Әлімжан Watson Исламбеков пен Оливер Skiter Лепко командалары арасындағы қарсыластық тең нәтижемен аяқталды.

Gaimin Gladiators пен Team Falcons құрамалары екі карта сериясында жеңістермен алмасты — әр матч 30 минуттан астам уақытқа созылды.

Жарыстың келесі турында, 20 мамырда, Gaimin Gladiators AVULUS-пен кездессе, Team Falcons Talon Esports-қа қарсы ойнайды.

Бір миллион доллар жүлде қоры бар DreamLeague Season 26 онлайн турниріне 16 команда қатысуда — жарыс маусым айының басына дейін жалғасады.

  • Gladiators — 3 ұпай
  • NAVI J — 3 ұпай
  • PARIVISION — 3 ұпай
  • Yakult’s Bro — 3 ұпай
  • Talon — 2 ұпай
  • AVULUS — 1 ұпай
  • Falcons — 1 ұпай
  • Edge — 0 ұпай