23.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

WalesOnline: Қазақстан футболында даму перспективасы бар

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Британдық WalesOnline порталы Қазақстан құрамасының Уэльспен өткен ӘЧ-2026 іріктеу матчынан кейін ел футболының даму мүмкіндіктеріне баға берді.

Айта кетейік, кездесу 3:1 есебімен уэльстіктердің жеңісімен аяқталды. Дегенмен, қазақстандықтар позитивті әсер қалдырды.

Аналитиктер Қазақстан футболының Еуропада көп назар аудармайтынын атап өтті. Бірақ бұл жағдай жақын жылдары өзгеруі мүмкін. Әсіресе, Дастан Сатпаевтың 2026 жылы 16 жасында АПЛ-ға ауысу ықтималдығы бұл үдерісті жеделдете алады.

«Қазақстандық футбол әзірге кең аудиторияның назарын аудара қойған жоқ. Алайда ең жас ойыншы Дастан Сатпаевтың Англия Премьер-лигасына өтуі жағдайды өзгерте алады», – деп жазады басылым.

Сонымен қатар, WalesOnline қазақстандықтардың матч барысында қарқыны жоғары шабуыл ұйымдастырып, қорғаныста ұзақ уақыт ұйымшылдық танытқанын атап өтті.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!