28.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Вячеслав Колесников «Барыспен» просмотровый келісімшартқа отырды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Вячеслав Колесников «Барыспен» просмотровый келісімшартқа отырды

24 жастағы шабуылшы Вячеслав Колесников астаналық «Барыс» клубымен 31 тамызға дейін есептелген просмотровый келісімшарт жасасты. Бұл туралы Shaiba.kz хабарлады.

Өткен маусымда Колесников Қазақстан чемпионатында «Номад» командасы сапында өнер көрсетіп, 34 матчта 24 (12+12) ұпай жинаған. Плей-офф кезеңінде ол 4 ойынға қатысып, бір шайба соққан.

Келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін хоккейші өзін жақсы қырынан көрсете алса, негізгі құрамда қалуы мүмкін.