Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Впорядке» командасы Winline Media League-тің 6-маусымында С тобына түсті

Ресейлік танымал Winline Media League чемпионатының 6-маусымына арналған жеребе тарту рәсімі өтті. Биылғы маусымда аталмыш турнирге алғаш рет қазақстандық команда – «Впорядке» қатысуда.

Айта кетейік, «Впорядке» командасының сапында Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы, тәжірибелі шабуылшы Бауыржан Тұрысбек те өнер көрсетеді. Ол жуырда «Спорт Пульс» YouTube арнасына сұхбат беріп, қазақстандық футбол туралы айтып өткен болатын.

Жеребе нәтижесінде «Впорядке» командасы С тобына түсті. Бұл топта олар келесі қарсыластарымен күш сынасады:

• «Банка»
• «Лотус»
• СКА – Ростов
• «Broke Boys»

Winline Media League – Ресей мен ТМД елдері арасында үлкен аудиторияға ие медиа-футбол жобасы. Турнирге қатысатын командалардың көбісі бұрынғы кәсіпқой футболшылар мен медиа тұлғалардан құралған. Бұл жарыс жанкүйерлер арасында да кең танымалдыққа ие болып келеді.