23.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Волейбол: «Ақтөбе» тартысты матчта «Атырауды» ұтты

Талдықорған қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының үшінші турында сәрсенбі күнгі ойындар аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бүгін «Ақтөбе» мен «Атырау» алаңға шықты.

Сергей Трикоз жаттықтыратын ақтөбеліктер 27 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында тұрса, атыраулықтар соңғы кезде өз ойынын таба бастаған еді.

Бірінші партияда Ислам Жұмабековтің шәкірттері 25:23 есебімен басым түссе, екіншісінде «Ақтөбе» есе қайырды – 28:26.

Ақтөбеліктер үшінші сетті (25:16) өз пайдасына аяқтағанымен, «Атырау» таразы басын теңестірді – 25:23. Бірақ бесінші, шешуші партияда «Ақтөбе» жеңісті жұлып алды – 16:14.

Тағы бір тартысты кездесу өткен жылғы чемпион «Тараз» бен қола жүлдегер «Жетісу» арасында өрбіді.

Мұнда матчты Марат Адрышев баптайтын алаң иелері қарқынды бастады – 25:13. Дегенмен Юрий Башкатовтың шәкірттері қарымта қайтарды — 27:25. Бұдан кейін командалар партия алмасты – 21:25, 25:21. Ақыры жеңіс «Жетісуға» бұйырды – 15:8. Екі ойында да қорытынды есеп 3:2 болды.

Талдықорғандықтар 28 ұпаймен бұрынғыша үздік үштікте келеді.

«Есіл» (СҚО) көш соңындағы «Ұшқын-Көкшетауды» 3:0 (25:23, 25:22, 25:18) есебімен тізе бүктірді.

Бейсенбі күні «Ақтөбе» — «Есіл», «Жайық» — «Атырау», «Павлодар» — «Тараз», «Жетісу» — «Буревестник» командалары өзара сынға түседі.