09.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Волейболдан ұлттар кубогы: Қазақстан құрамасы Индонезиядан айла асырды

Волейболдан ұлттар кубогы: Қазақстан құрамасы Индонезиядан айла асырды

Вьетнам астанасы Ханой қаласында волейболдан әйелдер құрамалары арасында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогында Қазақстан жеңісті жолын жалғастырды.

Қазақстан құрамасы бүгін В тобында Индонезия командасымен алаңға шықты.

Бас бапкер Ришат Гилязутдинов Моңғолиямен өткен ойында өнер көрсеткен волейболшыларға сенім артты.

Алғашқы екі партияда Қазақстан құрамасы (капитаны Сана Анарқұлова) айқын басымдылық көрсетті – 25:17, 25:12.

Үшінші партия барысында индонезиялықтар таразы басын теңестіргенімен, қазақстандықтар матчты сәтті түйіндей білді – 26:24. Жалпы есеп – 3:0.

Осылайша, қатарынан үш бәсекеде жеңіске жеткен Қазақстан өз тобында көш бастап келеді.

Р.Гилязутдиновтің шәкірттері 11 маусымда Иранмен шеберлік байқасады. 12 маусымда топтағы шешуші кездесуін Филиппин құрамасымен өткізеді.