14.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Владимир Кличко Энтони Джошуамен жекпе-жегі туралы естеліктерімен бөлісті

Қазақстанда дүниеге келген аты аңызға айналған украиналық боксшы Владимир Кличко кәсіби рингтегі соңғы жекпе-жегі туралы ой қозғады (Sport.ua мәліметі бойынша).

«Мен сол кезде өзіме өте сенімді болдым. Бұл жекпе-жекте жеңетініме еш күмән болған жоқ. Тіпті жеңілуім мүмкін деп ойламадым. Мен тәжірибелірек болдым, нақты сәттерде не істеу керектігін білдім. Не болғанын айтып беру үшін сөз табу қиын. Бұл менің түнім емес еді. Мен жеңіске құмар болдым, оған сендім, бірақ болған іс болды», – деп еске алды Кличко.

Шамамен 8 жыл бұрын Энтони Джошуамен өткен титулдық жекпе-жекте Кличко 11-ші раундта нокаутпен жеңілген болатын. Сол жекпе-жектен кейін экс-чемпион кәсіби мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады.

Бұл жекпе-жек әлі күнге дейін бокстың ұлы оқиғаларының бірі ретінде еске алынады, ал Кличконың мансабы әлемдік бокстың тарихында ерекше із қалдырды.