22.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Витинья «Алтын доп-2025» үміткерлерінің рейтингін бастады

Витинья «Алтын доп-2025» үміткерлерінің рейтингін бастады

Championat.com мәліметінше, TNT Sports порталы жылдың үздік футболшысына берілетін басты марапат — «Алтын доп-2025» үміткерлерінің жаңартылған рейтингін жариялады.

Рейтинг көшбасшысы — маусым бойы клубымен төрт трофей жеңіп алған және Португалия құрамасымен Ұлттар лигасын жеңген ПСЖ жартылай қорғаушысы Витинья. Екінші орынды оның командаласы Усман Дембеле иеленсе, үздік үштікті «Барселонаның» дарыны Ламин Ямаль түйіндеді.

Марапатқа үміткерлердің үздік ондығы:

  • Витинья («ПСЖ»)
  • Усман Дембеле («ПСЖ»)
  • Ламин Ямаль («Барселона»)
  • Рафинья Диас («Барселона»)
  • Нуну Мендеш («ПСЖ»)
  • Ашраф Хакими («ПСЖ»)
  • Мохамед Салах («Ливерпуль»)
  • Джанлуиджи Доннарумма («ПСЖ»)
  • Килиан Мбаппе («Реал»)
  • Хвича Кварацхелия («ПСЖ»)

«Алтын доптың» қазіргі иегері — «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Родри.