17.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Виржил ван Дейк «Ливерпульмен» жаңа келісімшартқа қол қойды

Виржил ван Дейк «Ливерпульмен» жаңа келісімшартқа қол қойды

«Ливерпуль» клубының капитаны Виржил ван Дейк командамен жаңа келісімшартқа қол қойды. 33 жастағы голландиялық қорғаушы ағылшын ұжымында тағы екі жыл өнер көрсететін болды.

Ван Дейк жақында келісімін ұзартқан Мохамед Салахтың жолын қуып отыр. Бұған дейін оның келісімшарты осы маусым соңында аяқталуы тиіс еді.

«Мен үшін тек «Ливерпуль» бар еді. Бұл – менің жоспарымның бір бөлігі. Мен осы клубтың бір бөлшегімін. Жақында мені скаузер деп атады, және мен бұған мақтанамын. Бұл — ерекше сезім», — деді капитан.

Орталық қорғаушы 2018 жылдың қаңтарында «Саутгемптоннан» 75 миллион фунт стерлингке ауысқан. Сол уақыттан бері ол «Ливерпуль» сапында бірқатар маңызды трофейлерді жеңіп алуға үлес қосты:

  • Премьер-лига
  • Чемпиондар лигасы
  • Англия кубогы
  • Клубтық әлем чемпионаты
  • Екі мәрте Англия лига кубогы

Қазіргі таңда жаңа бас бапкер Арне Слоттың жетекшілігімен ван Дейк команда құрамында тұрақты ойын көрсетіп, «Ливерпульді» тарихындағы 20-шы чемпиондық атаққа жетелеуге тырысуда.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!