19.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Вирджил ван Дейктің «ПСЖ» қатарына ауысуы туралы ақпарат жалған

Француз футбол сарапшысы Жюльен Лоранс «Ливерпуль» капитаны Вирджил ван Дейктің «Пари Сен-Жерменге» ауысу мүмкіндігі туралы қауесеттерді жоққа шығарды.

Оның айтуынша, клуб пен ойыншы арасында ешқандай келіссөздер жүргізілген жоқ, сондай-ақ 100 миллион еуролық қол қою бонусы туралы ұсыныс та болмаған.

«ПСЖ» мен Вирджил ван Дейк арасында ешқандай келіссөздер жоқ. Чемпиондар лигасының матчынан кейін ойыншы клуб өкілдерімен сөйлесті, бірақ тек өткен ойындар жайлы әңгіме болды», — деді Лоранс.

Айта кетейік, Ван Дейктің «Ливерпульмен» келісімшарты жақында аяқталады.