13.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Виннипег» қақпашысы Хеллибак НХЛ-дің екі жеке трофейін жеңіп алды

«Виннипег» қақпашысы Хеллибак НХЛ-дің екі жеке трофейін жеңіп алды

НХЛ-дің ресми сайтының хабарлауынша, «Виннипег» қақпашысы Коннор Хеллибак екі беделді марапатқа — «Харт Трофи» мен «Везина Трофиіне» ие болды.

32 жастағы америкалық қақпашы керемет маусым өткізді — тұрақты чемпионаттың 63 ойынында 47 жеңіске жетіп, 8 «құрғақ» ойын өткізді, 92,5% қақпаға келген шайбаларды қайтарып, сенімділік коэффициенті 2,00-ді құрады.

«Харт Трофи» үшін күресте Хеллибак 1346 ұпай жинап, 191 мүмкін дауыстың 81-ін алып, «Эдмонтон» шабуылшысы Леон Драйзайтль (1209 ұпай) мен «Тампа» ойыншысы Никита Кучеровты (973 ұпай) басып озды.

«Везина Трофиі» үшін бас менеджерлер дауыс беруінде «Джетс» қақпашысы 158 ұпай мен 31 бірінші орын алып, «Тампа» қақпашысы Андрей Василевскийді (80 ұпай) және «Лос-Анджелес» қақпашысы Дарси Кюмперді (33 ұпай) артта қалдырды.