20.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Винисиус қыркүйек айындағы құрама матчтарына шақырту алмайды

Винисиус қыркүйек айындағы құрама матчтарына шақырту алмайды

Бапкер Карло Анчелотти Бразилия ұлттық құрамасының алдағы матчтарына Винисиусты шақырмау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

25 жастағы вингер сары қағаз көптігіне байланысты 5 қыркүйекке жоспарланған Чилиге қарсы матчты өткізіп жібереді. «Селесао» бұдан кейін Боливиямен кездеседі.

Осы орайда Карло Анчелотти Виниді бір матчқа бола шаршатпай, демалғанын жөн санап отыр.

Бразилиялық Globo ақпаратына сенсек, бапкер «Реал» ойыншысының орнына басқа ойыншы шақыруды жөн санайды.