Оқу уақыты: 1 мин

Винисиусты қорлағаны үшін жанкүйерлер түрмеге жабылады

Винисиусты қорлағаны үшін жанкүйерлер түрмеге жабылады

Europa Press хабарлауынша, Винисиус Жуниормен болған нәсілшілдік жанжалға қатысқан «Вальядолид» жанкүйерлерінің бесеуі ұсынылған жазаға келісті.

«Вальядолид» — «Реал» матчы кезінде бразилиялық футболшыны қорлаған жанкүйерлерге бір жыл түрме жазасы, төрт жылға стадионға бару тыйымы және 1080-нан 1620 еуроға дейін айыппұл тағайындалды.

Оқиға Ла Лиганың 15-ші турындағы ойынның соңында, Винисиус алмастырудан кейін алаңнан шыққан кезде орын алды. Жанкүйерлер оған нәсілшілдік және гомофобтық қорлау сөздер айқайлаған.

Айыпталушылардың қорғаушылары прокуратурамен және өтемақыдан бас тартқан ойыншының өкілдерімен келісімге келді. Соттың ресми шешімі алдағы отырыста жарияланады.