23.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Винисиус Жуниор Сауд Арабиясының ұсынысынан бас тартты

Винисиус Жуниор Сауд Арабиясының ұсынысынан бас тартты

El Larguero мәліметі бойынша, Мадрид «Реалының» шеткі шабуылшысы Винисиус Жуниор испан клубында мансабын жалғастыруға шешім қабылдады.

Бразилиялық футболшы Сауд Арабиясының ұсынысынан бас тартты. Жергілікті чемпионат өкілдері бұрын-соңды болмаған трансфер сомасы мен жалақы ұсынған.

Ағымдағы маусымда Винисиус тамаша нәтиже көрсетуде — 47 ойында 21 гол соғып, 15 голдық пас берді. Ойыншының «Реалмен» қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды, ал оның нарықтық құны 200 миллион еуро деп бағаланады.