12.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Вильярреал» мен «Барселона» Майамиде матч өткізуі ықтимал

«Вильярреал» мен «Барселона» Майамиде матч өткізуі ықтимал

«Вильярреал» мен «Барселона» арасындағы кездесу АҚШ-та өтуі мүмкін. Клубтар Ла Лиганың 17-туры аясында желтоқсанда өтетін ойынды Майамиде өткізу үшін өтініш берді, ал Испания футбол федерациясы бұл сұранысты мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

RAC1 мәліметінше, егер жоспар жүзеге асса, «Барселона» АҚШ-та өтетін матчтан шамамен 5-6 миллион еуро табыс табады. Өткен маусымда «Барселона» Испания чемпионатында бірінші орын алып, «Реалдан» төрт ұпайға озып кетті. «Вильярреал» бесінші болып, Чемпиондар лигасына жолдама алды.

Жаңа маусымның бірінші туры аясында 16 тамызда каталондық клуб сырт алаңда «Мальоркамен» кездеседі, ал бір күн бұрын «Вильярреал» өз алаңында «Реал Овьедоны» қабылдайды.