10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Виктория Графеева өзбек спортшысынан басым түсті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Виктория Графеева өзбек спортшысынан басым түсті

Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында әйелдер арасынан бүгін алғаш болып шаршы алаңға шыққан қазақстандық Виктория Графеева (60 кг) ширек финалда Париж Олимпиадасының қатысушысы, өзбек боксшысы Ситора Тұрдыбековамен кездесіп, тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті.

Графеева келесі кезеңге өтіп, жартылай финалда Бразилия өкілі Ребека де Лима Сантоспен жұдырықтасады. Айқас 12 қыркүйекте сағат 19:00-де өтеді.

Айта кетейік, Ситора Тұрдыбекова Париж Олимпиадасында жүлдеге бір қадам қалғанда тайпэйлік спортшыға жол берген еді.