14.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Виктория Графеева әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Графеева жартылай финалда ринг қожайыны Наталья Шадринамен кездесті. Төрешілер шешімі бойынша қазақстандық спортшы 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазіргі Азия чемпионы Қазақстан құрамасының атынан әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы боксшы атанды. Оның қарсыласы – қазіргі Еуропа чемпионы және Еуропа ойындарының күміс жүлдегері.