01.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Виктория Графеева әлем чемпионын жеңіп, алтынға қол жеткізді

Виктория Графеева әлем чемпионын жеңіп, алтынға қол жеткізді

Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open-2025 халықаралық турнирінің финалында Виктория Графеева қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды.

60 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан отандасымыз шешуші жекпе-жекте Қытайдың 2023 жылғы әлем чемпионы Ян Ченьюмен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Виктория өз өнерімен техникалық шеберлігі мен мықты мінезін дәлелдей білді.

Айта кетейік, ол бұған дейін 2025 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген. Бұл жолғы жеңісі оның өз салмағындағы беделін одан сайын арттырды.

Турнирде Қазақстан сапынан тағы да Наталья Богданова, Надежда Рябец, Гүлсая Ержан және Елдана Тәліпова бақ сынайды.