23.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Виктор Дьокереш Герд Мюллер трофейін иеленді

Виктор Дьокереш Герд Мюллер трофейін иеленді

Виктор Дьокереш Парижде өткен «Алтын доп» салтанатында France Football-дан Герд Мюллер трофейін алды.

Швед шабуылшысы өзінің керемет нәтижелілігімен марапатқа лайық болды — 2024/25 маусымында «Спортинг» ойыншысы 52 ойында 54 гол соғып, ұлттық құрама сапында тағы 9 доп соқты.

Әйелдер арасында Герд Мюллер трофейі «Барселона» мен Польша құрамасының өкілі — Эва Пайорға бұйырды.