Оқу уақыты: 1 мин

Видео спарринг: Торехан Сабырхан ММА жұлдызы Еркебұлан Тоқтармен

Видео спарринг: Торехан Сабырхан ММА жұлдызы Еркебұлан Тоқтармен

Биылғы қаңтарда желіде кәсіби боксшы Торехан Сабырхан мен ММА жауынгері Еркебұлан «Актер» Тоқтар арасындағы спаррингтің видеосы жарияланды.

Бейнежазба Сабырханның айқын басымдылығын көрсетеді — боксшы қарсыласының шабуылдарынан шебер жалтарып, дәл соққылар жасайды.

Айта кетейік, бір ай бұрын Сабырхан кәсіби бокста сәтті дебют жасады — ол Жәнібек Әлімханұлы кешінің андеркардында чех спортшысы Иржи Хаукені үшінші раундта нокаутқа түсірді.

Ал Тоқтарға келетін болсақ, ақпан айында ол Octagon лигасының BMF жеңіл салмақтағы чемпионы атағын жеңіп алды, төртінші раундта тәжік жауынгері Камариддин «Камил Карате» Хасановты техникалық нокаутпен жеңді.