09.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Видео Шолу | Обзор: Португалия — 2025 жылғы Ұлттар лигасының жеңімпазы

Видео Шолу | Обзор: Португалия — 2025 жылғы Ұлттар лигасының жеңімпазы

Бүгін футболдан UEFA Ұлттар лигасы финалында Португалия мен Испания құрамалары шеберлік байқасты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу барысында екі құрама тартысты ойын өрбітті. Алдымен испаниялық Мартин Субименди 21-минутта есеп ашса, португалиялық Нуну Мендеш 26-минутта бір голмен жауап қайырды.

Ал Микель Оярсабаль 45-минутта қайтадан Испанияны алға шығарса, португалиялық Криштиану Роналду 61-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталды. Овертаймда жеңімпаз анықталмады. Пенальти тебуде Португалияның жолы болды. Нәтижесінде Ұлттар лигасында жеңімпаз атанды.

Плей-офф сатысында Испания құрамасы Францияны 5:4 есебімен жеңсе, Португалия құрамасы Германиядан 2:1 есебімен басым түсті.

Құрамалар бұған дейін 41 мәрте кездесті. Оның 6-ы Португалияның басымдығымен аяқталса, 17-і тең түсіп, қалғанында Испанияның мерейі үстем болды.

Соңғы рет Португалия құрамасы аталған қарсыласынан 2010 жылы жолдастық кездесуде 4:0 есебімен басым түскен еді. Содан бері бірде-бір мәрте жеңіске жете алмай келеді.

Ұлттар лигасы 2018 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.