16.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Вест Хэм Чехия чемпионатының трансферлік рекордын орнатты

Вест Хэм Чехия чемпионатының трансферлік рекордын орнатты

Лондондық «Вест Хэм» Прага «Славиясынан» Эль-Хаджи Малик Диуфты сатып алғанын жариялады, деп хабарлайды whufc.com.

Сенегал құрамасының жиырма жасар қорғаушысы — Чехия чемпионатының жаңа трансферлік рекорды: мәміле сомасы 22 миллион еуроны құрады және бонустар есебінен 25 миллионға дейін өсуі мүмкін.

Өткен маусымда Диуф «Славияның» чемпион атануына елеулі үлес қосты — сол жақ қорғаушы ұлттық біріншілікте 27 ойында жеті гол соғып, екі нәтижелі пас берді.