29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Венсан Абубакар «Қайратқа» ауысуы мүмкін

Венсан Абубакар «Қайратқа» ауысуы мүмкін

Камерун ұлттық құрамасының ойыншысы алматылық «Қайрат» сапын толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл туралы белгілі қазақстандық спорт журналисі Қазбек Тайланов хабарлады.

Венсанның соңғы клубы Түркияның «Хатайспор» клубы болды. Түркиялық клуб сапында 33 жастағы шабуылшы 28 матқа қатысып, 8 гол және 2 нәтижелі паспен көзге түсті.

Ол «Хатайспорға» дейін «Бешикташ», «Әл-Наср», «Порту», «Лорьян» және «Валансьен» сынды клубтар сапында өнер көрсеткен.

2010 жылдан бері қарай Камерун ұлттық құрамасының намысын қорғап келеді.