30.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Велоспорт. «Астана» шабандоздары ел біріншілігінде алғашқы төрт орынды иеленді

Велоспорт. «Астана» шабандоздары ел біріншілігінде алғашқы төрт орынды иеленді

Өскеменде тас жолдан ел чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz

«Элит» санатындағы топтық жарыста XDS Astana Team командасының екі шабандозы: Евгений Федоров пен Антон Кузьмин жеңіске таласты. Нәтижесінде топтық жарыста Федоров Қазақстанның жаңа чемпионы атанса, Кузьмин күміс жүлдені жеңіп алды.

Үшінші орынды континенттік XDS Astana Development Team командасының өкілі Даниил Марухин иеленсе, XDS Astana Team командасының үшінші шабандозы Николай Винокуров төртінші орынға ие болды.