11.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Векич Индиан-Уэллстегі турнирдің үшінші кезеңінде Наваррoны жеңді

Әлемнің 22-ші ракеткасы, хорват теннисшісі Донна Векич Индиан-Уэллстегі беделді WTA-1000 турнирінің үшінші кезеңінде америкалық Эмма Наварроны жеңді.

Теннисшілер корттағы ойынды 1 сағат 39 минутта аяқтады — хорват спортшысы әлемнің сегізінші ракеткасын 7:6 (7:5), 6:1 есебімен жеңді.

1/8 финалда Векич әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған АҚШ өкілі Мэдисон Кизбен кездеседі.

Айта кетерлігі, Наварро WTA рейтингінде жетінші орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның тікелей қарсыласы болып табылады. Жүлде қоры 8 963 700 долларды құрайтын Индиан-Уэллстегі турнир 13 наурызға дейін жалғасады.