28.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Василий Глотовқа СКА базасында жаттығуға тыйым салынды

Василий Глотовқа СКА базасында жаттығуға тыйым салынды

«РБ Спорт» хабарлауынша, СКА-ның бұрынғы шабуылшысы Василий Глотов клубтың хоккейшілерін дайындауға арналған «Хоккей қаласы» жаттығу базасына кіре алмайтын болды.

Жағдай бас бапкер Игорь Ларионов команданың бұрынғы ойыншылары мен қазіргі құрамға кірмейтін хоккейшілерге аренаға кіруге шектеу қойғаннан кейін орын алды.

«Жазда „Хоккей қаласында» жаттықтым, таңғы жеті-сегізде келетінмін. Алты аптадан кейін күзет бастығы үлкен жаттығу залына енді кірмеуімді айтты. Мені артық деп шешкен болар», — деді қазір «Трактор» сапында өнер көрсетіп жүрген Глотов.

Осы оқиғадан кейін хоккейші әрі қарай дайындалу үшін Санкт-Петербургтегі басқа жаттығу аренасына ауысу туралы шешім қабылдады.