07.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Вашингтон бас менеджері Сонни Миланоның қалпына келуі туралы айтты

Вашингтон бас менеджері Сонни Миланоның қалпына келуі туралы айтты

НХЛ-дің ресми сайтының хабарлауынша, шабуылшы Сонни Милано «Вашингтонмен» маусым алдындағы дайындыққа кірісуге дайын.

Америкалық форвард жарақатына байланысты өткен маусонның басым бөлігін өткізіп алды — оның еншісінде тұрақты чемпионаттағы тек үш ойын бар.

«Мен Соннимен бірнеше апта бұрын сөйлестім. Ол өзін жақсы сезінеді, жаттығу лагеріне дайындалуда. Ол жаттығуларға әдеттегіден ерте оралады және құлшынысқа толы. Сонни дайын», — деді «Вашингтонның» бас менеджері Крис Патрик.